07.09.2022
  324


Автор: Толқын Қабылша

МЕН ҒҰМЫРДЫ, СЕНСІЗ КЕШКІМ КЕЛМЕЙДІ!

Көздерімнен күнді өшіргім келмейді,
Жалт еткен сәт,
жарты әлемді жылытқан.
Жүрегімнен жырды өшіргім келмейді,
Жалынына жан-тәніммен құныққам.
Сенімімді кір шалдырғым келмейді,
Өзегімді өкініштен аршыған.
Қабағыңды мұң шалдырғым келмейді,
Түгесіліп қалса-дағы бар шыдам.
Көңіліме күдік алғым келмейді,
Күмән барда,
күмілжу бар, бар күнә.
Үмітімді үзіп алғым келмейді,
Үмітсіздің үрейімен шарқ ұра.
Мен ғұмырды сенсіз кешкім келмейді,
Белгісіздеу бақытының дерегі.
Қабағына бұлттың көшкім келмейді,
Көздеріңде шуақ болғым келеді.
Мен ғұмырды, сенсіз кешкім келмейді!





Комментарии

Талғат
Талғат 23.11.2022 16:19
Көздеріңде шуақ болғым келеді! тамаша!

Пікір жазу