07.09.2022
101
БАҚЫТТЫ ЕМ ҒОЙ, РАСЫНДА...
Бақыт кейде болады екен қас-қағым.
Ғайыбыңды кім білген?
Кездер қайда?
көздерімде күн күлген,
Аяқасты аласарды аспаным.
Бар ғажабын ұсынбақ боп ұмсынған,
Көңіл ме әлде баянсыз?
Көбелектей көзсіз мұңға ұмтылған,
Жүрек, сен бе аяусыз?
Қиялдағы хор қызындай үміттің,
Баянсызын күн кешеді біліп кім?
Ғажайыбың,
Ғұмыр қалай келте еді?
Үргедек жел,
жанымды кеп үгіттің.
Тағдыр солай деймісің?
Алма-кезек бақ пен соры басында,
Ащы өзектен бал татамын деймісің?
Бақытты ем ғой, расында…