07.09.2022
136
ҚЫЗҒАНАДЫ ЕКЕМ…
Ауадан, гүлден,
күн менен түннен,
Білмеймін, неге қызғанам?
Желменен ұшқан жапырақтан да,
Селк етіп, жаным сыздаған.
Күлкімнің өзі күмілжіп барып,
ғайып болғанда, көзімнен,
Осынау дауыл, алапат күйдің,
Баянын таппай, безінем.
Есімің сенің айтылған мезет,
Күбірлеп өзге еріннен.
Шабытым көзсіз шарқ ұрған мезет,
Қызғанып кетем, сені мен.
Сүюдің мұнша азабы барын,
Қалайша бұрын ұқпағам?
Ғаламға іңкəр,
Ғажайып едім,
Өзімді қалай құтқарам?
Жап-жарық менің əлемім кейде,
үздіксе ессіз ғаламнан.
Нəп-нəзік үнім, сəлемім кейде,
Жалт етсе, бөгде жанардан.
Дəл солай сен де, қызғанып мені,
Ес-түссіз құлай сүйіп пе ең?
Жалғызым сені,
қызғанады екем...
күнəсіз осы кейіппен.