ТЕҢІЗДІ ІЗДЕУ
(Өскемен қаласының əкімі – Ислам Əбішевке арнаймын)
Құлаған таудан балбұлақ,
Төскейге жетер төгіліп.
Құлдырап шапқан құлындай,
Қос қолтығы сөгіліп...
Жалынан маржан төгіліп.
Теңізді іздер сабылып,
Белеңнен асып қарғылап...
Бұлаққа-бұлақ қосылса,
Дария болып ақпай ма?
Алтайдан шыққан – Қара Ертіс,
Мұхитты іздеп таппай ма?
Ислам інім!
Мен сені,
Көре алмай көптен сағындым.
Самолет мініп самғадым,
Жиптерге мініп сабылдым.
Кап-қара айғыр арқырап,
Қап-қара қызды құшақтап,
«Шынарынан Шығыстың»,
Абайдың алтын медалін,
Өз қолыңнан алғанда!
Қарсы алдың мені әкім боп,
Құшақтадым мен сені,
Аңсаған ағаң – ақын боп.
Бұлаққа – бұлақ қосылса,
Дария болып ақпай ма?
Жете алсақ туған халқыңа
Көк теңіз шалқып жатпай ма?
Тас бұзып, таумен алысып,
Баладай болып жарысып,
Жайыққа құйып жайылып,
Ертіске еріп ағылып,
Аскар тау біздің –
АТАМЫЗ,
КЕҢ ДАЛА –
Біздің АНАМЫЗ!
Халқымыз ТЕҢІЗ,
БІЗ БҰЛАҚ!
ТЕҢІЗДІ ІЗДЕП БАРАМЫЗ!..