06.09.2022
  119


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАМЕДКЕ

Ұшақ құлап аспаннан,
Қанша азамат мерт болды!..
Естігенде эфирден...
Жүрегіме өрт толды!..
Аман қалдың ба,жарығым!?
Жазымыш жетпей –
Алмайды!
Күні үшін жүрген қуларға...
Құбылған дүние –
Бес-он күн,
Жылмитып жүзін алдайды.
Биіктен құлау – бір бақыт!
Халқымен бір сәт сырласып,
Биіктен құлау –
Азғындық,
Отанды сатып...
Ұрлатып!..
Сен құлады...
Деген күн...
Бәйіт айтып жыладым!
Күні-түні Алладан,
«Мұхтарымды қолда!», – деп,
Жеті кәміл пірім мен,
Шәшті Əзізден сұрадым!
Көз жасымдай –
Қағазға,
Қаламымнан сия ақты.
Көктемдегі тасыған,
Сырдың суы сияқты...
Сен құлады...
Деген күн –
Барлық қазақ жылады.
Дариясы халқымның,
Алай-дүлей тулады!
«Аман жүрсін, Мұхтар!», – деп,
Зейнолла ақын Алладан,
Саған саулық сұрады.
Шын сұраса Алладан...
Ақынына береді.
Қиналғанда –
Халқы үшін –
Батырына береді!
Қызылорда қазағы:
«Қорғайды!», – деп апаттан,
Ер Мұхаңа сенеді.
«Аман қалды!», – деп естіп,
Ағаң жырын толғады.
Құлағанда аспаннан...
Құл-Мұхамед қолдады.





Пікір жазу