06.09.2022
110
МҰХАҢА
О! Шыңғыс! Кәрі, Шыңғыс! Өрлеріңе
Қазақтан дәл мұндай ұл өрледі ме?
Сездің бе...
Титтей ғана ұлы жүрек!
Дүбірін –
Дүрс-дүрс соққан жөргегінде!
Шыңындай «Хан-Тәңірдің» –
Күн ұйықтаған...
Сезімнің –
Тәңірі боп...
Туыпты ағам!
Жанында жанар таудың шоғы балқып,
Жүрегі –
Жыр отымен тыныстаған!
Қосылмай ғашығына қасіретті...
Тоғжанның жанарында жасы кетті!
«Мыңмен жалғыз алысып,
Ақын Абай!
Соқтықпалы...
Соқпақты ғасыры өтті!», –
Деп Мұхаң: «Қазақ қашан тағы болған?
Оның да:
Күйі болған... әні болған!».
Жұмыр жерге ол –
Жұмыр сөз тыңдатыпты.
Қазақ боп,
Шешендіктің бағы қонған!».
Ағаның ...
Залда жоғын біліп қойып,
Құлан ой!
Жортпа бекер күдікке ойып,
Ғаламға ол –
Тарихын тыңдатып жүр,
ҚАЗАҚТЫҢ АҚБОЗ ҮЙІН –
Тігіп қойып!