06.09.2022
  140


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

САДДАМ ХҰСАЙЫНҒА

Сен арабтың ұлысың –
Даласы құм.
Ал, мен болсам –
Қазақтың баласымын!
Тіліміз жат болғанмен,
Дініміз бір,
Алламыз бір ауызға алатұғын,
Пайғамбар бір
Мұхаммед сүнитіміз,
Бес теңгеге саудалап Отан сатсақ,
Жақанам бір жанымыз бартұғын.
Сенің-дағы туған жер – ҚАРАШЫҒЫҢ!
Менің дағы туған жер –
ҚАРАШЫҒЫМ!
«Қорғаймын!», – деп,
Туған жер – ҚАРАШЫҒЫН,
Ғали батыр дүлділге ер салатұғын,
Жұлдыздай көкте Дүлділ ағатұғын,
Жаңбырдай жерге тері жауатұғын.
«Хам –хамын» қынабынан суырғанда,
Жүзінен жаудың қаны таматұғын...
«Сам-самын» сілтегенде самсап тұрған,
Кәпірдің басын допша қағатұғын!
Қысылғанда сілтейтін зүлфұқары,
Жасындай ер қолында жанатұғын.
Жортуылға шыққанда Ғали батыр,
Пайғамбардың батасын алатұғын!
З.Тілеужанұлы 126 ОТ АДАМ
Көзін жұмды пайғамбар бұл өмірден,
Хош айтып қара жерге күле кірген.
Жалаң қылыш жастанып ер бәдәуи,
Туған жерін қорғады күреңімен!
Жауар күндей күркіреп Ғали да өтті,
Айдай әлем қалтырап сүреңінен...
Менің бабам Бейбарыс,
Сұлтан болып,
Бағыдаттан...
Мысырдан,
Шын елінен,
Қолды болған Қыпшақтың құлдарының,
Қолындағы шынжырын үзе білген!
Атқан оқтан қайтпайтын Мамлюктің.
Қосындарын –
Қаз-қатар тізе білген!
Араб жерін –
Арындай қорғап жүріп,
Олар да өтіп кетіпті-ау...
Бұл өмірден!
Менің дағы шер бабам,
Қайран бабам!
Арыстандай Арқадан айбарланған.
Орал тауға шығып ап,
Ақырғанда –
Ар жағында «Еділдің» ормандағы аң,
Үңгірінен шыға алмай бас сауғалап,
Аю екеш – аю да қорбаңдаған!
Ер Мөденің 6 сескеніп қылышынан,
Арғы жағын Алтайдың қорғандаған.
Құмырсқадай құжынап қалың қытай,
Қазақ жерін басуды ойға алмаған!
Сенің жерің – өгіздің талысындай,
менің жерім – өгіздің талысындай!..
төсегінен безініп,
хан – Абылай:
«Өссінші – деп Қазақтың сағы сынбай!»
Құлақкесті құлдарын –
Ұлға теңеп,
Ал, ұлдарын –
Халқының арысындай,
Қазан атқа мінгізіп,
Гүрзі ұстатып,
Жауға салған!
Балхаштың барысындай!
Абылайдың сыйынып аруағына!
Сол барыстар жауына бармады ма?!
Ер –Тіленші баласы – Жас Бөкенбай,
«Суарам! – деп найзасын жау қанына!»
Алты айлық Ақ Жайықтан ат жалдатып,
Тарбығатай тауына...
Бармады ма?
Бөкенбай, Қарт – Бөгенбай, батыр Баян,
Жауына көк сүңгісін салмады ма!?
Қаракерей Қабанбай – Қолбасшысы,
Шыдамай шоқпарының салмағына,
Жоңғар жылжып жоғалды...
Көлеңкедей,
Көк тіреген – Алтайдың ар жағына!
Оның бәрі:
өткен күн,
өлген заман!
Сенің бабаң –
Ер болған!
Менің бабам!
Пұшпағынан ит жұлған терідей боп...
Тозып жатыр тулақтайМенің ДАЛАМ!..
Сынған сеңдей шашылды –
Сенің далаң...
Аман қалсақ жарады...
Зұлым жаудан,
Басымызға орнады-ау,қиын заман!..
Далам жатыр сүлесоқ...
Құты қалмай,
Сырты мұндай болғандаІші қандай?
Отанына қайтуды ойға алмайтын,
Қонағымнан отырмын...
Құтыла алмай!..





Пікір жазу