06.09.2022
  96


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

СОНАУ ӨТКЕН СҮРКЕЙ СУЫҚ КҮЗДЕ БІЗ...

Сонау өткен сүркей суық күзде біз,
Ақырғы рет кездескенбіз жүзбе-жүз.
«Өтеді уақыт,
Болады, – деп, бәрі ұмыт...»
Хоштасарда қол алысып күлгенбіз.
Сонау өткен сүркей суық күзде біз!
Қойды дағы қап – қараңғы түнге бет,
Жүрдек поезд –
Кетті мені сүйрелеп...
Тату жүріп,
Жақын жүріп білмеп ек,
Дәл сол сәтте –
Екеуміз де сүйген ек!
Жүрдек поезд –
Кетті мені сүйрелеп...
Уақыт өтті...
Таудан асты күн байып.
Дала төсі бұдырады түн жауып.
Бізді бөлген –
Тағдырымыз тасбауыр!
Тағдыр бізді,
Біз тағдырды сынайық!
Екеуміз де кешкі ымырттай мұңайып...





Пікір жазу