06.09.2022
  86


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

АЛАТАУДЫ КҮЛДІМ ҰЗАҚ ЖАҢҒЫРТЫП

Алатауды күлдім ұзақ жаңғыртып,
Жас кездегі еске түсіп бір ісім...
Осы мені ақын қылған қай қырсық!?
Əсем жырды жазып едім, кім үшін?
Сонау алыс көк аспанға көз тастап,
Жазым болған жылдарыма жыладым!
Кеудемдегі асыл арман тозбастан,
Сәл ертерек –
Мен тозатын шығармын...
Мен тозамын...
Бірақ таулар тозбайды!
Туған дала тербеледі гүлменен.
Көк шалғынға шашбау шашу ойнайды...
әсем жігіт,
айдай ару қызбенен.
Тынымы жоқ...
Қайран тірлік тынбайды,
Жанымдағы жалғыз медеу –
Сол ғана!
Талай ма деп,
Күшік итті сыйлайды...
Сақал әлі сан түседі саудаға!
Бір тарқамай көкіректің базары,
Жан толқыным талай тулап басылған.
Баяны жоқ...
Бұлт көшіп барады,
Асқақтаған Алатаудың басынан...





Пікір жазу