06.09.2022
  75


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

СҮЙМЕДІҢ ДЕП...

Сүймедің деп,
Сүйген сәуле сөкпегін!
Ғашықпын ғой...
Айта алмасам несі мін...
Бұл өмірде жоғалтқаным көп менің!..
Жоғалмаған – жалғыз сенің есімің!
Жат құшақта...
Сен тұрғанда қымсынып,
Өрт сезімнің алауына жүз жанып.
Өзегінде жайдың оты тұншығып,
Бала жігіт –
өтпейді енді қызғанып.
Жат сұлудың жастығына жастанып,
Көкректен бас көтерсе сан үміт.
Кірпігімнен жасырынып жас тамып,
Отырамын...
Сонда сені сағынып!
Сүймедің деп,
Сүйген, сәуле!
Сөкпегін...
Жүргімнің енді өртенер қылы жоқ.
Рас! Рас!
жоғалтқаным көп менің,
Ғашықпын ғой!
Жүрегім бар, тілім жоқ...





Пікір жазу