06.09.2022
  111


Автор: Зейнолла Тілеужанұлы

ПОМПЕЙДІҢ АҚЫРҒЫ КҮНІ

Атылды тау тағысы –
Қалыңға үркіп!..
Гүрс етті...
Аспан мен жер алысқандай!
Аузынан арыстандай жалын бүркіп,
Везувий ыңыранды арыстандай,,,
Везувий...
Бұлқынады!
Ышқынады...
Көмейден үйдей тасты лақтырып!
Қалтырап қара жердің ұшты жаны!
Теңіз бен ай хоштасты –
Жылап тұрып...
Тас қорған...
Жау бұзбастай оғы дарып,
Сән қала –
Гүл жастанып,
Кеше күлген!
Табанын жанартаудың шоғы қарып,
Жалаңаш!..
Помпей қашы төсегінен...
Тас тұлға...
Сонау тұрған биікте тік,
Төбеден төңкерілді құлағалы!
Арманның ақ қанаты –
Күйіп кетіп...
Мың көзде...
Қорқыныш тұр жылағалы!
Тәңірі...
Кәр тікті ме пендесіне?
Осы ғой...
Ертектегі заманақыр!
Шыбындай жан шырқырап кеудесінде,
Біреудің басы өртеніп бара жатыр!..





Пікір жазу