Көне дүние − жаңалыққа кепілдік,
"Көне дүние − жаңалыққа кепілдік,
Қайта туған бодхисатва секілді,
Заман − киім, жаның − тәнің көрге жат.
Көп мүмкіндік варианты сол тәнің,
Жүрсек екен жолымызды мол танып,
Танымасаң, әлеумеииік мөрге сат".
Мөр басылған ақ төсекте жатырмын,
Көніл солса, витаминге татыр мұң,
Дибазолға мүң қосылып, шүкірмін.
Ақыл қысып жуылмаған басымды,
Кәдімгәдей Ницше құсап тасындым,
Тасындым кеп, өткеніме түкірдім.
Мен ішпеген у мен қоса бу бар ма?
Көрдім қорлық мәдениетті қулардан.
Күзбін қазір, кеше ғана көктем ем.
Абыройсыз, күпті менің жайымды
Түсәнер ед ақкөніл де, пайымды:
"Не жалею? Не зову",− деп өткен ер.
Ашынғым жоқ, опынғым жоқ менің де,
Бірақ менің қорқыныш бар демімде,
Серігіндей өмірқұмар Фаусттың.
Сол серікпен тілдесемінтүсімен,
Мысқыл сезем тым сабырлы үнінен,
Қашқақтаудың бар әдісін тауыстым.
Қымбат болып әрбір қимыл, әрбір сөз,
Тозғандай ма үйкелумен тағдыр-бөз?
Халім мүшкіл − бұл әбден-ақ нанымды.
Сана кетсе тұнғиықтап, аспандап,
Зор қимылмен кірпігімді ашқанда,
Қуанамын жаңартқандай жанымды.
Жүрегім мәнсіз қалдырап,
Қарағысы жоқ тереңге.
Үрейден ғана хал құрап,
Айналдым соқыр, кереңге.
Аңқау күш көзі, қайдасың?
Аздың ба сен де, түбіттім?!
Келемін қойын айдасып.
Еті өлген, көнбіс үміттің.
Ұйқы-төсекте дөңбекшіп,
Деміккен дене мен бе едім?
Жүрегім менің еңбекшіл
Фактіге осы сенбеді.
Жүрек бұлқынды басқаға...
Ол күйді не ден құрайын?
Пижама каген қасқа аға,
Өзіңнен ғана сұрайын.
Балконымның есігінен жел есіп,
Бар серігім - өзен шуы, ай нұры.
Енсе – дағы ібілістің елесі,
Селт етпейді паркет еден айдыны.
Бұл бөлмеде мазадан тыс мен ғана,
Сая таппай көңіліме, ойыма.
Мен дегенде тарылып тұр кең ғалам,
Жалғыздықты өиып бүкіл тойынан.
Санағандай зұлымдықтың көзі деп,
Дегендей бір: "Бұл пақырға оң қайғы!"
Эдгар Поның қарғысының өзі де
Терезенің жақтауында қонбайды.
Ондай сыйға тұрмайтын да шығармын,
Мүмкін менің несібем де бөлек тым,
Таң атқасын арайланып шығар Күн,
Тек сол Күнге мен, әзігекерекпін.
Егіздердің шоқжұлдызы бар алда.
Сыңар іздеп, түн тұйығын кезеді.
Найзағайдың жарқылынан жаралған
Бір замандас кездестірсем деп едім.