06.09.2022
113
Маймылдарға
Маймыл да адам сияқты,
Екі аяқ, екі құлақты.
Ақылға ол да жүйрік-ті,
Бірақта, әттең, құйрықты.
Дегенмен ол да зиялы.
Шалбарға жетті қиялы.
Құйрығын қысып адамша,
Келеді тәй-тәй қадам сап.
Өлексе болып қорегі,
Сор суын уыз көреді.
Егерде қалса кезігіп,
Қайталауменен мезі ғып,
Тоздырар сенің ойыңды,
Сойғандай ұрлап қойыңды.
Сен күлсең, ол да күледі,
Түлесең, ол да түледі.
Сен жатқан жерге аунайды,
Өзіңнен сосын аумайды.
Жағдайды қозғап қайдағы,
Жалықпай ақыл айтады.
Сорып ап сенің нәріңді,
Қайтсін ол ұят-арыңды.
Сен тыңда, − дейді, − бұйрықты:
"Тағып ал мына құйрықты..."