06.09.2022
122
Тәңір ием жарылқап бір шапағатымен...
Тәңір ием жарылқап бір шапағатымен,
Кездестірді Әуезханды махаббатымен.
Толқын түсті көйлекпенен су перісіндей,
Есіп өттің тағаланың супер ісіндей.
Күлкің сенің ес кетірді балықтай шоршып,
Иегіңді қанат қылып, қалықтапкөрші.
Жәннат – күлкің шатыр-көкке шашылған інжу,
Көктен шашып, пенде ақынның асыл жанын жу.
Тәңір күліп, сол күлкіден туындаған – біз,
Басқа ешбір ірекетпен жуынбағанбыз.
Ұйытса да сыйға толы мәзірше сөзің,
Бұл жалғанда күлкі аспабы әзірше өзің.
Болмау керек жігітпенен қыз арасы – мұң,
Шарықтай түс –көнеліктәі бұзба рәсімін.
Қарасам тек көз тоймайтын ләззатым менің,
Ұйқасуға есіміңмен мәз атым менің.
Сені көрсем билеп тылсып әуез қанымды,
Қуанамын. Қуантсаңшы Әуезханыңды.