06.09.2022
  78


Автор: Әуезхан Қодар

ЗӘМЗӘҒА

Мен "Зәмзәм!" – десем, қарайсың күліп,
Шомылған нұрға түлкідей.
Миыққа тығып талай сұм ұылыұ.
Талықсып ессіз күлкіден.
Алмабет ару, аңызаө ділі
Жымиысыңда керілген.
Жырлайын сені аңыз-ақ қылып,
Сөз тұзағымен сері ілген.
Дәм кетіп астан, нәр кетіп мидан
Сазғанда, үн сөзді, есті, -
Үнсіздік шқлін әндетіп тыған
Зәмзәм суындай кездестің.
Өлең, жыр – менің Хаджардай анам,
Айнымай дегдар тұрқыңнаң,
Керексіз болды базардай санам
Талқанға көнген жұртыма.
Көңілде содан өалғандай сына,
Дегенмен әлі бар айбын.
Зәмзәмдай болсаң жалғанда мына,
Иеленуге жараймың.





Пікір жазу