06.09.2022
327
Достық әзіл, немесе Үш жұмбаққа бір жауап
Тұрсынжанның Шапайы
Чапайша жүр қатайып.
Өтекең мен Асқардан
Ығар емес қақайып.
Әлия, Дидар түк емес,
Әуезхан да құп емес.
Бес адамды бір жұту
Шапай үшін жүк емес.
Озбаса да өрісі,
Бір өзі сын төресі.
Пәлсәпаны танымай
Көреді секс елесін.
Мұқатар хан, ханымын,
Сөгер сазды әні – мың,
Тұрсынжанның Чапайы
Құтты болсын танымың!