06.09.2022
  63


Автор: Әуезхан Қодар

Қол ұсындың: "Сәлем",- деп...

Қол ұсындың: "Сәлем",- деп.
Уясыма толмайды.
Зияны жоқ бәлендей,
Құрдассың ғой мол бағы.
Сенде көп қой әңгіме.
Шала тыңдап, мүлгимін.
Қалғаным ба мәңгіге
Құрбаны боп тұл күйдің?
Терезеңді аш, мойында,
Ауа кірсе әуелеп.
Көне Сырдың бойында
Жатушы едік мәуе жеп.
Күйсіз жанға сүбе кем,
Ұсынбашы күректі.
Ой да ауыр жүр емен,
Тазартпаса жүректі.
Кімнен еңді тазарам?
Кімге арнаймын ойымды?
Қорлап болды азар-аң
Басталмаған тойымды.
Ұқтың ба енді, "есіл ер",
Тежеп қиял түменін,
Саған неге тесіле
Қарайтынымды менің.





Пікір жазу