06.09.2022
  74


Автор: Әуезхан Қодар

Несіне аңсап дос, орта...

Несіне аңсап дос, орта,
Іздейсің жұрттан нұр-пайым.
Білесің көбі бос, қорқақ,
Секемшіл және тұрпайы.
Өсек қабына мол қол сап,
Сыпсың да сыпсың, не етейін.
Аңсаған тілім сол болса,
Мен мылқау болып кетейін.
Аяққа ұлттык кір бопты,
Жоғалса добы пәлекте.
Жетім қақпаға бір допты
Тыға алмай, түстік әлекке.
Айбатқа шебер, ырылға,
Үлкенге қазір су у да.
Сырт көзге ұлт деп шырылдап,
Өздері ақша қууда.
Жастарың көріп жоқтықты,
Болғысы кер жүр қу, епті.
Кейбірі ескі боқтықты
Қайтадан сілкіп, ту етті.
Кейбірі еріп Батысқа,
Түсіне доллар кіреді.
Шеруге бірі қатысқан,
Ашығу болып тірегі.
Газеттер қаптап, созды кеп
Секс пен тарих сағызын.
Советтік бастар тозды деп,
Теппеді миын ағызып.
Егуге дайын, отауға,
Қазағың жатқан ми-былық.
Бостандық деген отауға
Енбей-ақ қойдық үй қылып.





Пікір жазу