Ех, Диоген, ох, Диоген − дуана...
Ех, Диоген, ох, Диоген − дуана,
Қосылар ем мен де саған қуана.
Бірақ менде тамшы жастай үміт бар.
Сол үміттен жымияды күн − ана.
Қосылар ем, қосылар ем, амал не,
Өз-өзімді тоқтатамын сауалмен:
"Диогенім толқытпаған адамды
Толқытамың оқытамын қалай мен?.. "
Түпсіз терең сауалдардан талғанда ой,
Шошытады арзан қайғы, арзан той.
Арман, үміт, дүние жалған десек те,
Шексіз мұңның түнегі де жалған ғой.
Тарих куә, көп құдайға табынып,
Гректердің озғанына... Сан ұрып
Қалған олар, сеніп талай тиранға.
Қолдайтын тек өзімшілдік нанымын.
Адам солай − бойлай алмай тереңге.
Қор болды, ғой, сонет оқып кереғге.
Құдай санап жыныс мұның, жын мұның,
Өтті талай ойдан талған кемеңгер.
Табынбаймын креске де, айға да.
Плутосқа табын дейді айналам.
Болмасамда онша ырза өмірге,
Ең әрісі, күрсінемін жәй ғана.
Ой − шылымның түтініне көміліп,
Мынау менің отырысым, оны да ұқ...
Ех, Диоген, ох Диоген, әулием,
Кешір, бүгін болмай қойды көңілім.