06.09.2022
  86


Автор: Әуезхан Қодар

Тірі құдай арамызда жүрсе егер....

Тірі құдай арамызда жүрсе егер.
Жазғырар ек сойлесе де, күлсе де.
"Құдайлығын өзіңе, − деп, − шырағым.
Себеп емес бізге деген бұл себеп".
"Сен, слуши, қиқандауды қой енді.
Құдайыңдай мойындайсың көгенді.
Ал егерде көгенге сен көнбесең,
Арыз жазып, оямыз біз төбенді... "
Сұлулығын сайқалдыққа балар ек.
Ұлылығын айтар едік: "Шала!" − деп.
Біз әйтеуір бүкіл оның бойынан
Бойына жат ұсақтықты табар ек.
Неге солай, түсінбеймін, салтымыз?
Сөзіміздің "алды − жалын, арты − мұз".
Өзімізде болмаған соң тектілік,
Тектілікке ойбай сала қарсымыз.
Жаратусыз қалғандай бір қазына,
"Көзге ілмеді", − дейсің барып қазыға.
Аспандағы құдайдың өзі де
Құлақ асып жарытып ед назыңа?!
Ашылған жоқ менің де әзір бақ-Айым,
Несіне оны күнге мін ғып тағайын.
Оңай боп па таңдандыруТәңірді?
Көзге ілмесе, бойыңды өсір, ағайын.





Пікір жазу