06.09.2022
  428


Автор: Сәруар Қамаева

ҚАЗАҚСТАН – МЕКЕНІМ

Қазақстан – бай өлке, кең мекенім,
Өзің үшін өлеңді өрлетемін.
Күн туды Тәуелсіздік, алдың бүгін,
Көңілдің көгіне шық, төрлет, елім!
Қайырмасы:
Қазағымның елінде,
Атамекен жерінде
Азатығым асқақтап,
Көк туым тұр көгімде.
Кешегі бабаларым жүріп өткен,
Өзен-көл, көркем еді жерің неткен!
Тәуелсіз таң атқанда арайланып,
Күн күліп қарайтындай көкжиектен.
Қайырмасы.
Туған ел, өскен жерім, асыл далам,
Қымбат қой әрбір тауың, тасың маған.
Кеткендей ұласып сан ғасырларға,
Мәңгілік сағынышым басылмаған.
Қайырмасы.





Пікір жазу