06.09.2022
184
ЖАҢА ЖЫЛ
Жаңа жылым шашу шашып ақ қардан,
Ақ көйлегiн кигiзiптi бақтарға.
Жауқазын жыр бүр жарады жүректе
Жаңа жылым келiп есiк қаққанда.
Бейбiт күннiң нұрын төк ауылыма,
Бақыт әкел адамзат қауымына.
Уақыт атты сәйгүлiк ұстатпайды,
Қамшы қатты тигендей сауырына.
Жасыл шырша iлiп алып моншағын,
Әсемденiп, көз тартады соншалық.
Аппақ нұрға бөленедi табиғат,
Жаңалыққа, жаңа жылға тамсанып.
Жаңа жылым, жаңа жырым, қандайсың?
Ақ көңiлдi, кең пейiлдi жандайсың.
Жаңа жырмен қарсы аламын өзiңдi,
Қиялымда қанат бiтiп самғайсың.