06.09.2022
  137


Автор: Сәруар Қамаева

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ

Тәуелсіз Қазақстан – елім байтақ,
Атымды әнге қосып талай айтам.
Бейбіт күн шұғыласына бөленгендей,
Егемен ел бірлігін тұрмын байқап.
Қайырмасы:
Бақыт, бағы халқымның,
Алтын тағы даңқымның.
Туын көкке көтерем
Ата-баба салтымның.
Көк байрақ желбірейді аспанымда,
Елімнің тарихы бар дастанымда.
Елтаңба егемендік белгісіндей,
Жаңа ғасыр, жаңа күн бастауында.
Қайырмасы.





Пікір жазу