06.09.2022
115
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-02-01-25-00.png)
АСТАНА
Әні: Айсұлу Тәнидікі
Есілдің жағасында жасылданған,
Астана - жеткен қала ғасырлардан.
Елінде ерлерімнің ізі қалған,
Бөгенбай, Ер Абылай, Қасымдардан.
Қайырмасы:
Арқаның төсінде,
Ғасырлар көшінде
Жайнаған жас қала -
Астана, Астана!
Астана - әсем қала асқақтаған,
Бақытты болашаққа бастап қадам.
Қараөткел, қасиетті топырағың
Жайнатты Елорданың атырабын.
Қайырмасы.