06.09.2022
  293


Автор: Сәруар Қамаева

ЧЕМПИОН БОЛУ – АРМАНЫМ

Алыптармен алысқан,
Шыныққан шымыр, мықтымын.
Топты жарып жарыста,
Дәулеттей болып шықты кім?
Қайырмасы:
Бақтиярдай бақ қонып,
Намысымды бермеймін.
Серіктейін сақ болып,
Биіктерге өрлеймін.
Кезеңдерде сындарлы,
Бағындырған шыңдарды.
Бүкіл әлем таныған
Қажымұқандай тұлғамды.
Бәйге атындай жараған,
Жүйрікпін желмен жарысқан.
Даңқым елге тараған,
Қуатым күшті барыстан.
Қайырмасы.
Шаң қаптырған талайға
Тәуелсіз елдің тарланы.
Чемпион болу қалайда -
Бар баланың арманы.
Қайырмасы.





Пікір жазу