06.09.2022
  514


Автор: Сәруар Қамаева

ЕЛУ ДЕГЕН - БIР БЕЛЕС

Тiршiлiкте елу деген - бiр белес,
Бәйге шауып, ұтып алар жүлде емес.
Келте ғұмыр кемесiнiң жылжуы,
Алпыс жасқа аяқ басу iргелес.
Еленбейдi елу жастың өткенi,
Асқаралы алпыс қуып жеткенi.
Ала алмайсың өткен күндер үлесiн,
Елуге екi, жиырма беске төрт келiп.
Жастық дәурен сағым болып қалады,
Арманды шақ, асыл күндер бағалы.
Елу келiп есiгiңдi қағады,
Ертеңдi ойлар ел ағасы саналы.
Елу деген - ердiң жасы емес пе?
Бола ма ендi елудi арман демеске?
Елу деген - ел адамы болғаның,
Елеулi бiр асып биiк белеске.





Пікір жазу