06.09.2022
134
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-09-02-01-25-00.png)
ҚЫРЫҚ САНЫ ҚАДIРЛI...
Халқымызға қырық саны қадiрлi.
Өмiр - белес, ойлы-қырлы, адырлы.
Қырық жастың қырқасына шығыпсың,
Саналы бiр азамат боп, сабырлы.
Қырық келiп қарағанда есiктен,
Дос-жарандар қуаныпты есiткен.
Салтымыз бар қырық күнiн тойлаған
Балғын сәби белiн тартса бесiктен.
Құтты болсын қырық жасқа келгенiң,
Ата-баба дәстүрiне сенгенiң.
Қырық жанның бiрi қыдыр болар деп,
Думандатып қонақасы бергенiң.
Қырық жастың қырқасынан асқаның -
Елу деген елдiң шетiн басқаның.
Көрiп бүгiн кереметiн қырықтың,
Өлеңменен тойға шашу шашқаным.