06.09.2022
  97


Автор: Сәруар Қамаева

ӨМIР ТУРАЛЫ

Салғанда өмiр салмағын,
Iлгенде қамыт қармағын,
Жұбатып жырмен жүректi,
Өзiмдi өзiм алдадым.
Бақыттың сыйлап базарын,
Тартады қайта азабын.
Түсiне алмай келемiн
Өмiрдiң осы ғажабын.
Шаттыққа кейде кенелем,
Құрбыға қатар теңелем.
Оңаша қалған сәттерде
Мұңаямын неге мен?
Ой орманын кеземiн,
Жалғаннан мынау беземiн.
Өзiңе жiпсiз байлаған
Қимастық барын сеземiн





Пікір жазу