06.09.2022
233
АРДАГЕР АТАЛАРҒА
От кешкендер, құтты болсын мейрамың!
Күндей нұрлы болашақты сыйладың.
Естен кетпес
Отан үшiн аттанып,
Жан аямай, қасық қанды қиғаның.
Бүгiн, мiне, Жеңiс күнi, жарандар,
Көз жiберiп айналаға қараңдар.
Ардагерлер қатары тұр сейiлiп,
Туған жерге қайтпаған сан адам бар.
Оларға арнап мәңгiлiк от жағылды,
Отан-ана басын иiп табынды.
Қарт әжелер iздеп барды қиырға,
Екi көзге ерiк бердi,
Моншақтай жас ағылды.
Мәңгi есте отқа оранған қалалар!
Мәңгi есте күңiренген далалар!
Шығарып сап қан майданға әкесiн,
Жаутаңдаған, жәудiр көздi балалар.
Өздерiңмен тартқан майдан шеруiн,
Еске алыңдар кеткендердi хабарсыз.
Бiлгiң келсе, замандасым, олар кiм -
Мемориал тақталардан табарсыз.