06.09.2022
100
АНАМ МӘРИЯМ ДҮЙСЕНБЕКҚЫЗЫНА
Қырық жыл отау құрысқан,
Қас-қабақтан ұғысқан,
Жалғыз қалды жан әкем,
Жоқ едi бiрге туысқан.
Iздеп келер бауыр жоқ,
Аттандырдың ауыл боп.
Ортаңа алып отыр ең,
Қалғандай анам тәуiр боп.
Бiр сәтке қарап жатпадым,
Дертiне дауа таппадым.
Шарасыз қылған пенденi,
Жаныма осы батқаны.
Келiн боп қадам аттадың,
Жетi шырақ жаққаның.
Жылатып тұр-ау жүректi
Төмпешiк болып жатқаның.
Сен де екiнiң бiрi едiң,
Тiрек қып аға жүр едiң.
Бiрге туған бауырды
Қимай кеттiң, бiлемiн.
Талайды бастан өткерген,
Қайғы-қасiрет көп көрген,
Кезегi келген қарт анам
Өте алмай қалды өткелден.
Тоқсанға жасы жеткенде,
Қалдырып артқа кеткенде,
Қайғысын қарттың бөлiсiп,
Жыламаған жоқ пенде...