06.09.2022
158
ЖАН АНА
Келер деп аңсап қаладан,
Жолыма менiң қараған.
Құшақ жайып алдымнан,
Жүгiрiп шығар жан анам.
Аттандың алыс сапарға,
Келмейсiң қайтып қатарға.
Ақ сүт берген ақ анам,
Өзiңсiз таңым атар ма?
Түсiнбес мұны тiрi адам,
Анашым аппақ күнәдан.
Жұмақта болсын жаның деп,
Жаратқаннан сұранам.
Сүйкiмдi мiнез, сабырың,
Ел-жұртқа өткен қадiрiң.
Жайдары жүздi жан анам,
Нұрға толсын қабiрiң.
Күйiнiп қатты жыладым,
Бауырлап жерге құладым.
Қалғанға ғұмыр берсiн деп
Алладан медет сұрадым.
Балалық қылсам, ғафу ет,
Қателiкке санама.
Оранып кеткен ақырет
Ананың орны тола ма?
Айтқан сөзiң - өсиет
Қалған мына балаңа.
Аруағыңа бас ием,
Бақұл бол ендi, жан ана!