06.09.2022
  98


Автор: Сәруар Қамаева

ҚАУМАЛАҒАН КӨП ОЙЛАР...

Қажыдым ба қаумалаған ойлардан,
Жасыл белес, жеткiзбей-ақ қойды арман.
Жағалаудан жырақ кетiп барамын,
Кезiм қайда жастық оты бойды алған?
Ғұмыр келте, сабындай-ақ қамшының,
Жанарымды торлап алды тамшы мұң.
Серiк етiп, соңына ердiм өлеңнiң,
Жасыра алман, осы менiң бар шыным.





Пікір жазу