06.09.2022
  119


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Ғажайып жанарынан от төгіліп

(Ақын қызға)
Ғажайып жанарынан от төгіліп,
Барады бір дарабоз шепке кіріп.
Тасыры жер-әлемде жаңғырығып,
Арманын талықпастан мәңгі қуып,
Тынығар көкжиекке кетсе кіріп.
Жатса да мұнар басып лайсаң өмір,
Салса да селт етпейді айтақ обыр.
Қанатын емексініп жайса қоңыр,
Ұғынып жалғыздығын сырлы жанның,
Мүлгиді үнсіз ғана байтақ өңір.
Төтейді мимырт тірлік тепкісіне ар,
Жалғыздық жанға батып, көп қысылар.
Жырын білем, ал өзін көргенім жоқ,
Иә, оның жанарының от күші бар.
Мамырлап дала кезіп кеткісі бар.
Жүруші ем мен де үнемі буалдырлап,
Жеткізбес сағым арман ту алдыда.
Тұрмайсың ойдан құздың басына ұшпай,


Туғанда көз алдыңда ашыныш жай,
Еріксіз жігер қолға ту алдырмақ.
Мендағы көңілімде от өргемін,
Белгілі өз тауыма жете өлмегім.
Шақырады үздігіп шалғайдағы үн,
Іздеген мәңгіліктің қан майданын,
Сол бозбен бірге шауып кетер ме едім!!!



Қараша 1999ж





Пікір жазу