06.09.2022
151
Шындық
Сығалап мерген ата алмайды оны,
Шындыққа тоймас тақалмай дені.
Сүйрейді өмір олай да былай,
Торып жүр күнде қатал қайғы оны.
Қиырын жолдың…
Көреді бәрін,
Қиындықтардан алады тәлім.
Озбырлар оны аңдып жүр қазір,
Жаққалы жүр ме қаралы қанын.
Ол шындық мәңгі елім деп өтер,
Жалғандықтардан жерінді бетер.
Қондырсаң қондыр кеудеңе оны,
Тоздырмас жатып төріңді бекер.
Жүгінсең жүгін, шындыққа жүгін,
Өзгенің қуып жылбысқа мұңын.
Көтерсең көтер, ауырын көтер,
Көтерме елдің бір мысқал жүгін.
28 шілде 1999жыл