06.09.2022
153
Бұйра сағым
Сары белде сабылып бұйра сағым,
Сағынышпен санамды қинаса мұң.
Жанып ұшқан жанымның жалынымен,
Алабұртып ақыры силасамын.
Шаңытына шомылып шөл-құмдардың,
Ағытыла төгіліп шер-мұңдарым.
Әкет мені ұшырып деміңменен,
Өзің үшін от кешіп келдім жаным.
Бұйра сағым көзімнің алды кілең,
Сағым дүние алдайды сан қырымен.
Сағыныштан сарғайған сабырымды,
Арашалап алсаңшы жаңбырыңмен...
Маусым 1999 жыл