06.09.2022
119
Өз үйім
Өлең төсек – өз үйіме бүгін мен
Келдім міне!
Күлкіні көр түрімнен.
Өз төрімде шалқалап бір жатырмын,
Оранып ап бұйра елтірі жұрынмен.
Шарапат бар маған келер үйімнен,
Ержеткенмін әлди әуен күйімен.
Осы ордам ғой берекенің қайнары,
Барлығын да ұршықтайын үйірген.
Жанға жәннат, барма ләззат осыдан,
Сарай төрім, арай сенің қосың ән.
Қолда таяқ, қоңыр дөңде қой жайып,
Сенің қоңыр ырғағыңа қосылам.
Күш бітірген менің балғын тұрқыма,
Өз үйім ғой өлең салған ұртыма.
Тіреуішім аспан тірейді ертең-ақ
Айды жұлып әперемін ұлтыма!!!
Көкек 1999 жыл