06.09.2022
  106


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Өмірге

Пай, пай өмір жүйріксің-ау майталман,
Қиын-қия жолдарыңнан нар тайған.
Құшағыңда барлық адам марқайған,
Құшағыңа барлық адам жантайған.
Бұлаңдайсың.
Мың алдайсың пендені,
Мәз қылмайсың, аздырмайсың сен нені?
Жаратасың, жасатасың сен мені,
Тап бересің, қақ бөлесің пердені.
Қуантасың, жылатасың әркімді,
Алдың қия, жылмағайлап артыңды.
Алмасам да несібемді жартымды,
Бұл ғұмырым саған барып артылды.
Бірақ, бірақ еркімді бер сен менің,
Жер бетіне жасаймын деп келгемін.
Өлең маған енші қылып бөлгенің,
Шындық емес мәңгілікке өлмегім...



8 қыркүйек 1998ж.





Пікір жазу