06.09.2022
102
ӨЛЕҢ - ҚАЙЫҚ
Дейсiз-ау, аға, маған халiң қалай,
Өткердiм көзiмдi iлмей таңды талай.
Қорқамын қалтарысты өлең құздан,
Дөңгелеп кетем бе деп төмен қарай.
Ақ қағаз алдымдағы айдындайын.
Тауысқан ұзақ түндер көздiң майын.
Дарияның өлең атты толқынымен
Тербелген жағалауда мен бiр қайың.
Болғанда сезiм - толқын, көңiл - Жайық,
Тартады иiрiмдер кетсең тайып.
Құрдымға ой - уайым батырса да,
Тереңнен алып шығар өлең - қайық.