06.09.2022
120
ТЕРЕЗЕМНIҢ АЛДЫНДА...
Қинадым ба, көңiлге алаң салдым ба?
Сөзбен баурап, мен мазаңды алдым ба?
Жорта жүрiп, жол-жөнекей өткен боп
Тұрсың, жаным, тереземнiң алдында.
Жалт қараймын, көңiл шерiн қозғаймын,
Тебiренiп қалай өлең жазбаймын?
Жер таппаймын өз-өзiмдi қоярға,
Шыны-ойдан шығып кете жаздаймын.
Қарап тұрам, көз алмаймын жолыңнан,
Одан басқа не келедi қолымнан?
Көңiлдi күй, жүректi ән тербесе,
Көлеңкедей ерiп кетем соңыңнан.
Бәрiн-бәрiн қабағыңнан түсiнем,
Содан болар, мен алдыңда кiшiрем.
Қиялымның қондырамын көгiне,
Таңдап алып топ жұлдыздың iшiнен.