06.09.2022
93
ҚҰСТАЙ ҰШЫП ӨЗIҢЕ ЖЕТЕР МЕ ЕДIМ...
Келмей-ақ қой, мен саған жалынбаймын,
Өзiм от боп жанамын, жалындаймын.
Қиял қуып кететiн кезiм емес,
Сағынбаймын, шарқ ұрып сабылмаймын.
...Сағынбаймын дегенiм бекер менiң,
Құстай ұшып өзiңе жетер ме едiм...
Қанатымды қомдадым, қаға алмадым,
Қайырылып, босқа күйiп кетер дедiм.