06.09.2022
  84


Автор: Сәруар Қамаева

ТЕРБЕТЕДI ӨЛЕҢIМ...

Әлдилеген әз әуенге мастанып,
Қалам менен қағаздан да жасқанып,
Түн ұйқымды өлеңiммен тербетiп,
Көк жейденi жаттым бүгiн жастанып.
Әзiлiңмен көңiлiме гүл ектiң,
Көкейiмде күмбiрлейдi жыр-екпiн.
Көйлегiңдi жудым сезiм селiмен,
Үтiктедiм жылуымен жүректiң.





Пікір жазу