06.09.2022
113
ҒҰМЫРЫМДА ҚАЛДЫ IЗIҢ...
Аспандағы ай-күнiм,
Қуатым, жан-байлығым.
Жайнаған жарық жұлдызым,
Ғұмырымда қалды iзiң...
Жолыңа талмай қарағам,
Жолығар күндi санағам.
Мен ғана емес, әлемде
Ғашық деп ұққам бар адам.
Ұйқысыз түндi өткерген
Өтiппiн талай өткелден.
Сыр сандықты ашатын
Кезiгер бiр жан деп келгем.
Қайтер едiм көрмесем,
Өзiң iздеп келмесең?
Өлең - өзен, ән - бұлақ,
Сусындаймын шөлдесем.