06.09.2022
  73


Автор: Сәруар Қамаева

АПЫР-АЙ, ҚАЙТСЕМ ЕКЕН?..

Апыр-ай, қайтсем екен, жыласам ба?
Тәңiрден жанға медет сұрасам ба?
Жетектеп кете бердi сезiм серi,
Төзiмнiң бар тетiгiн бұрасам да.
Апыр-ай, қайтсем екен, егiлсем бе?
Сел болып ағыл-тегiл төгiлсем бе?
Жылуын жер жүзiне төгетұғын,
Төбеңнен күн көзi боп көрiнсем бе?
Апыр-ай, қайтсем екен, сағынсам ба?
Жүректiң дегенiне бағынсам ба?
Жырға орап, ән қанатын қалықтатып,
Қасыңнан iздегенде табылсам ба?





Пікір жазу