06.09.2022
  139


Автор: Сәруар Қамаева

ҰНАП ҚАЛДЫҢ

Дегенмен,
жаным, маған ұнап қалдың,
Жанымды жаншып жатыр сұрақтар мың.
Жауқазын жырларымен жүрегiмнiң,
Келедi бiр өзiңе сыр ақтарғым.
Дегенмен,
жаным, маған ұнап қалдың,
Алдамшы бұл өмiрге тұрақтар кiм?
Көктемi өмiрiмнiң сағым болып,
Қалғандай жағасында бұлақтардың.
Дегенмен,
жаным, маған ұнап қалдың.
Келдi ме әлде менi сынап та алғың?
От сезiм ойнақтаған жалынды шақ,
Сағыныш саясында құрақтардың.
Дегенмен,
жаным, маған ұнап қалдың,
Ойланып, оңашада жылап та алдым.
Жылытқан жүректердi жыр-көктемiм
Қарайды қырқасынан қыраттардың.





Пікір жазу