06.09.2022
114
ТАҒДЫРДЫ ТIЗГIНДЕУ
Тағдыр атты тайғанақ ғұмыр,
Жасайын саған жырымнан тұғыр.
Мойныңа қамыт iлейiн мықтап,
Аялдап бiр сәт, кейiнге үңiл.
Тiзгiндi тартып, қинаған кезде,
Түңiлiп мүлдем тiрлiктен безбе.
Өлеңмен өрге салайын сенi,
Қалмады амал осыдан өзге.