06.09.2022
  74


Автор: Сәруар Қамаева

ТҮС

Түсiмде көргем
Жабығып жаның жүргенiн.
Тыншымай мүлдем,
Кiрпiгiмдi iлмедiм.
Сағатты санап
Сындарлы шақта сырқаулы,
Қалмады тағат
Сүртсем деп терiн тұлпардың.
Елеске ерiп,
Қиялмен ұшып жеткенмiн.
Самалдай желпiп,
Өлеңмен өбiп өткенмiн.
Түсiмде көрiп,
Қиялап көңiл шалқыдым.
Қасыма келiп,
Дегендей болдың: "Алтыным".
Қайтадан түлеп,
Өлеңнiң оты маздаған,
Кеудеден жүрек
Шығып та кете жаздаған.
Жаңбырдай төгем
Жырымның жасын жарқылын.
Өзiңе деген
Бiр сезiм менде бар, күнiм





Пікір жазу