06.09.2022
99
СЫР
Өлең-сөз - өзiңе арнап хаттағаным,
Сырымды ендi кiмге ақтарамын?
Жан сөзiн жүрегiңнiң түкпiрiне
Жөн едi құпиялап сақтағаның.
Ойладым биiк қой деп парасатың,
Бойыңа биiктiгiң жарасатын.
Өлеңмен өрнектеген өр тұлғаңды
Қорықтым көрiнер деп аласа тым.
Жымысқы күлкi жанды тiлгiледi,
Тағдырым бiрде жылап, бiр күледi.
Алагеуiм уақыттай алдамшы үмiт
Адастырып кеттi ме, кiм бiледi?
Қыран құс құз-жартасты мекендеген,
Қиялап дегенiне жетер деген.
Аталар айтқан сөзi бекер ме екен,
Тамшы мұң тағдырым боп өтер ме екен?!