06.09.2022
140
ӨЛЕҢ-ХАТ
Өлең-хатпен сәлем жолдап ақынға,
Хал сұрадым қысылмай-ақ, батыл да.
Арнасынан асқан оймен арбасып,
Ақын жүрек тынши алмай жатыр ма?
Жыр жиhазын жиып алып жер-көктiң,
Сұлу сөзбен сезiмдердi сөйлеттiм.
Отқа орадым, жылу бердiм жүрекке,
Түн ұйқымды өлеңiммен тербеттiм.