06.09.2022
  136


Автор: Сәруар Қамаева

ДӘПТЕР СЫРЫ

Жоғалса дәптер, жазыла берер жыр, мейлi,
Өлеңнiң жайын өзiндей ешкiм бiлмейдi.
Сыртымнан бiреу жел сөздердi үрлейдi,
Жапсам деп жала, жан-жақтан iздеп, күндейдi.
Жазыпты дейдi анаған өлең, мынаған...
Ойымды оқып, боларсың, бәлкiм, сынаған.
Әңгiмеңнiң аужайынан аңғардым,
Алыстан артып, жақыннан жиып құраған.
Дәптердiң сырын түсiндiм, ендi сұраман,
Мөп-мөлдір тамшы қағазға келiп құлаған.
Сезiм ғой ол бiр ерiксiз алға сүйреген,
Құдiретi жан дүниеңдi билеген.





Пікір жазу