06.09.2022
113
МЕН СЕНI КҮТIП ЖҮРМIН...
Мен сенi күтiп жүрмiн ақыным деп,
Кемеде жаны бiрге жақыным деп.
Ой-арман ортаға сап бөлiсетiн,
Рухым да, қуат-күшiм, ақылым деп.
Мен сенi күтiп жүрмiн жүрегiм деп,
Өлең мен өнердегi тiрегiм деп.
Тұтастық тағдырымда болмаса да
Жырыммен жақын келiп жүремiн деп.
Мен сенi күтiп жүрмiн жырым ғой деп,
Тұңғиық тұнып жатқан сырым ғой деп.
Өмiрдiң ойлы-қырлы өткелiнен
Жасырған жанарымда мұңым ғой деп.
Мен сенi күтiп жүрмiн жыр-әнiм деп,
Бiр күлiп, бiр мұнайып, жылағым кеп.
Тоғысу талайыма жазбаса да,
Жырыммен мәңгi қатар тұрамын деп.